$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2020, 03:20
Жаңалықтар

Қазақстанға келген жолаушыларды үш критерий бойынша тексереді

Бұл жағдайда бәріне ПТР-тестін тапсырудың қажеті жоқ

Қазақстанға келген жолаушыларды үш критерий бойынша тексереді

Денсаулық сақтау министрлігінде жолаушылар Қазақстанға қандай жағдайда кіре алатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, шет елдермен қарым-қатынасты қалпына келтіруді ведомствоаралық комиссия қарастыруда.

«Біз 17 тамыздан бастап әуе қатынасын қайта бастау жоспарланған елдерден азаматтардың кіруіне рұқсат беру бойынша үш критерий әзірледік. Біріншісі, эпиджағдайы біздің елден жақсы болуы тиіс, ал біз оны күн сайын бақылап отырамыз. Сырқаттанушылықтың бір көрсеткіші бойынша ғана емес, осы елдегі жағдайды сипаттайтын басқа да көрсеткіштердің массасы бақыланады, содан кейін осы елдерден келген жолаушылар бізге ешқандай шектеусіз келеді», - деді Есмағамбетова.

«Екінші критерий: егер эпидқауіпсіздік қазақстандыққа ұқсас болса, онда мұндай мемлекеттен келген жолаушы ұшып келгеннен кейін ПТР-тест тапсыруға немесе өзін-өзі оқшаулауға жіберіледі», - деп нақтылады санврач.

«Анықтама мерзімі бес күннен аспауы керек. Егер мұндай құжат болмаса, онда жолаушының деректері мобильді қосымшаға енгізіледі. Ол қолхатқа қол қояды, екі күн ішінде ПТР-тестілеуден өтуге міндеттенеді немесе өзі 14 күн ішінде үй карантинде болады. Яғни, біз жолаушының таңдауына осындай балама мүмкіндігін ұсынамыз. Содан кейін ол тестілеуден өтті ме, жоқ па, мобильді қосымшада бақыланады. Бұл үшін, әрине, егер ол бұзылса, жауапкершілік қарастырылған», - деп түсіндірді спикер.

Үшінші критерий: бұл эпиджағдай Қазақстанға қарағанда нашар сипатталатын елдер.

«Мұндай елдермен әуе қатынасына тыйым салынады. Барлығы шетелдік азаматтар немесе қазақстандықтар болғанына қарамастан, қай елдің санатына келгеніне байланысты болады», – деп түйіндеді Есмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бірқатар елдермен әуе қатынасын ашады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия, Нидерланды, Египет, Украина және Ресей бар. 

Серіктес жаңалықтары