29 қараша күні ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері жексенбі күні ел аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы бұзылатынын ескертті
Ертең, 29 қарашада, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. «Қазгидромет» синоптиктері жексенбі күні ел аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері еліміздің өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік өңірлерде қар жауып, бұрқасын соқса, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Сонымен қатар жексенбі күні республика бойынша жел күшейіп, жолдарда көктайғақ пен қалың тұман болады деп болжанып отыр.
Осыған байланысты синоптиктер мен құтқару қызметтері жүргізушілерді алыс жолға шыққанда барынша сақ болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды.
