Бүгін, 17:31
Жаңалықтар
Аустралия сенаторы Парламент отырысына алты айлық сәбиін ертіп келді
Депутат мінберде баласымен бірге сөз сөйледі
Фото: видеодан скриншот
Аустралияда сенат депутаты Фатима Пейман Парламент отырысында алты айлық қызын қолына ұстап сөз сөйледі. Қазір әлеуметтік желіде сенатордың сөз сөйлеген сәтінен видео тарауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутат мінберде баласымен бірге сөз сөйлегенде оның әріптесті артында баламен ойнап, оны алдындыруға тырысқан. Бұл сәт желі қолданушылардың назарын ерекше аудартты.
«Мұндай сәтте бала бағумен қатар жұмысты қатар алып жүрген әйелдер мықты ғой», «баланы Парламент отырысына алып келу дұрыс емес, онда талқылау мен дауыс беру кезінде тыныштық талаптарын бұзады», «Аустралиядағы өмір біз ойлағаннан басқаша екен» деп пікір қалдырды оқырмандар.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды
