Қарағандылық оқушы қыз жасанды интеллект көмегімен жасанды жүрек жасауды армандайды

Амина Бәжикеева – робототехникадан Азия чемпионы. Ол жасанды жүрек жасауды армандайды

Қарағандылық оқушы қыз жасанды интеллект көмегімен жасанды жүрек жасауды армандайды
Фото: Ақорда

Қарағандылық оқушы, роботты техникадан Азия чемпионы Әмина Бажикеева президенттермен кездесуде ЖИ арқылы жұмыс істейтін жасанды жүрек жасауды армандайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

 Мемлекеттер басшылары мен жастардың сұхбаты сұрақ-жауап түрінде өрбіді.

✔️Оқушылар мен студенттер президенттерге жауап беріп қана қоймай, жасанды интеллект технологияларын ғылым, білім, медицина, экономика салаларында және өнерде қолдануға қатысты өз ой-пікірлерін бөлісуге мүмкіндік алды.

✔️Қазақстан мен Ресей президенттері пікірталасқа қатысушылардың білімге құштарлығы толастамай, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

✔️Кездесуге Қазақстан, Ресей және Үндістан елдерінен келген жас таланттар қатысты.