Көкшетауда 45 жастағы ер адам ауруханада өзіне қол жұмсады

Қылмыстық іс қозғалды 

Көкшетауда 45 жастағы ер адам ауруханада өзіне қол жұмсады
Фото: Жасанды интеллектпен жасалды

Көкшетау қаласындағы аурухананың аумағынан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 25 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Қала тұрғындары оның ғимараттың терезесінен құлап түскенін айтып жатыр.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.