ҰҚК операциясынан кейін «Қазатомөнеркәсіп» мәлімдеме жасады

Автор: Тәжібай Әлия

Компания даму стратегиясының өзгермейтінін, жұмыстың жоспарға сай жалғасатынын хабарлады

Фото: www.kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» атом компаниясы басқарма мүшесі, өндіріс жөніндегі бас директор қызметін атқарған Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлауынша, Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Қазір компания тергеу жұмыстарына көмек көрсетіп жатыр.

Ал заңнама талаптарына сәйкес тергеу кезеңінде істің мән-жайына қатысты қосымша түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазығұрттың бұрынғы бас дәрігері өлім аузындағы науқастарға оттегі беретін аппараттың орнына Астанадан үй сатып алған

Соңғы жағдайларға қарамастан мекеме бекітілген жоспар бойынша жұмысын жалғастыра береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі топ-менеджер Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдарды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.