Қостанай облысында 45 студент сабаққа қатыспаса да, шәкіртақы алған: директор жұмыстан қуылды
Жеті оқытушыға қатаң шара қолданылады
Қарабалық ауданының прокуратурасы Қазақстан агротехникалық колледжінде тексеру жүргізіп, білім ордасында 45 студенттің тек құжат жүзінде бар екенін, олардың сабаққа ешқашан қатыспағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Мұның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған. Сонымен қатар бес жыл қатарынан көлік құралдары есептен шығарылмағаны, ал 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайында да кемшілік бар екеніні белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша 45 студент оқудан шықты. Жеті оқытушыға қатаң тәртіптік жауапкершілік қарастырылып, колледж директоры қызметінен айырылды.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында ауылға кірген қасқыр бір адамға тап берген
«Негізгі құралдарды есептен шығару рәсімі басталып, жатақхананы жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады Бас прокуратура.
Жауапты орган Қостанайда білім беру ұйымдарында заңды сақтау, студенттердің құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.
