$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 21:32
Жаңалықтар

Елорданы газдандыру: 2020 жылы қандай аудандар қосылады

Газдандыруға байланысты зиянды шығарындылар 40 мың тоннаға қысқарады

Елорданы газдандыру: 2020 жылы қандай аудандар қосылады

2020 жылы Нұр-Сұлтанның қай аудандарына табиғи газ тартылатыны туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

«Осы жылы газдандыру жеке сектордан Көктал-1, Көктал-2 және Агроқалашықтарға қарай бағытталады. Алматы ауданындағы теміржол және силикат тұрғын алабыда газдандырылады» деді әкім.

Белгілі болғаны, қаланың оңтүстік-шығыс аймағын газдандыру келесі жылы жоспарланған. Бірақ Көлгінов кестеден оза отырып, үйлердің бір бөлігін биыл газбен қамтамасыз етеміз деді. 

«Орталық жылумен қамтамасыз ету газ арқылы жүзеге асырылады. Жеке сектор бойынша біз барлық көшелерге кварталішілік құбырларды жеткіземіз. Жеке секторға техникалық шарттарды беретін штабтар ашылды. Біз тікелей қақпаға барамыз, ал үйде өткізуге құқығымыз жоқ, бұл - жеке меншік. Бірақ біз газ есептегішін қоямыз. Бұл да тұрғындар үшін жақсы қолдау болады", - деді Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, газдандыру экологияны жақсартуға көмектеседі. Мамандардың мәліметінше, зиянды шығарындылар 40 мың тоннаға азаяды.

 

Серіктес жаңалықтары