Қазақстандық полицейлер жолда қалған Дағыстан азаматтарына көмек көрсетті
Оқиға «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолының 523-шақырымында болған
Патрульдік полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолда көлігі істен шығып, қиын жағдайға тап болған шетелдік азаматтарға қол ұшын созды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолының 523-шақырымында болған. Қызметтік міндетін атқарып жүрген патрульдік полиция ротасының инспекторлары Аманбек Бақтығалиев пен Құлтай Тынышбай жол жиегіне шығып кеткен Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусын байқап, көмек көрсету үшін тоқтаған.
Тексеру барысында көлік ішінде Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасынан келген азаматтар отырғаны анықталды. Тәртіп сақшылары жолда қалған шетелдіктерге көмектесу үшін осы бағытта өтіп бара жатқан жүк көліктерінің бірін тоқтатып, бұзылған шағын автобусты Атырау қаласына дейін сүйреп жеткізуді ұйымдастырды.
