22 қараша күні ауа райы қандай болады

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

22 қараша күні ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК мамандары ертең, 2026 жылғы 22 қарашаға арналған республикалық ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 22 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстік-батыс өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады және жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін. Ал еліміздің шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.