Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» аясында студенттерге арналған акция өтті

Іс-шараның тақырыбы «Студенттер құқық бұзушылыққа қарсы» деп аталады

Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» аясында студенттерге арналған акция өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Студенттер құқық бұзушылыққа қарсы» атты профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Әкімдіктің мәліметінше, іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

«Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары, қоғамдық тәртіп негіздері және белгіленген нормаларды бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Әсіресе студенттердің заңға саналы көзқарасын қалыптастыруға және күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге ерекше назар аударды», - деп хабарлайды әкімдік.

Ұйымдастырушылар бұндай іс-шараның маңызы – жаңадан оқуға түскен жастардың тұлға ретінде қалыптасуына, азаматтық ұстанымы мен әлеуметтік құндылықтарының дамуына үлес қосу.

«Мұндай іс-шаралардың өзектілігі студенттік кезеңнің тұлғаның қалыптасуында, азаматтық ұстанымы мен әлеуметтік құндылықтарының дамуында маңызды рөл атқаратындығымен байланысты. Дәл осы кезеңде жастар өз бетінше шешім қабылдау тәжірибесін жинақтап, қоғаммен белсенді қарым-қатынас орнатып, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын меңгереді», - деп хабарлайды әкімдік.

Бұл бағыттағы жұмыста жоғары оқу орындары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызы зор. Полиция өкілдерімен кездесулер студенттерге өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алуға, заңнаманы қолданудың практикалық қырларымен танысуға және құқықтық тәртіп мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Ашық диалог форматындағы мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәселелерге қызығушылығын арттырып, құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі сипатта болуы тиіс. Ол тек құқыққа қайшы әрекеттердің заңдық салдарын түсіндірумен шектелмей, құқықтық ойлау мәдениетін, қарым-қатынас әдебін, жанжалдарды сындарлы жолмен шешу дағдыларын және өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу қағидаттарын қалыптастыруды да қамтуы қажет.

«Студенттер құқықбұзушылыққа қарсы» акциясын өткізу жастар арасында заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Мұндай бастамалар заң талаптарын сақтау тек құқықтық міндет қана емес, сонымен қатар қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына әсер ететін саналы азаматтық таңдау екенін түсінуге мүмкіндік береді», - деп түйінделген ақпарат.