Қазақстан экономикасы жыл басынан бері жақсарды ма

Ел экономикасына негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосып отыр

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері жақсарды ма
Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5 пайызға өскенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мұндай көрсеткішке негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосып отыр. Оның көлемі алдын ала мәлімет бойынша 5,6 пайызға артқан.

Ал дәл осы аралықта өнеркәсіп өндірісі 3,5 пайызға артқан көрінеді. Сол сияқты өңдеу өнеркәсібіндегі өсім де артып, тоғыз айдағы 8,6 пайыздан он айдың қорытындысы бойынша 9,3 пайызға жетіпті.

Ең жоғары өсім фармацевтика саласында – 50,9 пайыз. Дайын металл бұйымдарын өндіру 30,4 пайызға, машина жасау 22,2 пайызға, химия өнеркәсібі 21,9 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 18,1 пайызға өскен.

Азық-түлік өндірісі 13 пайызға, құрылыс материалдарын өндіру 5,4 пайызға артыпты.

Өзге салаларда да жақсы көрсеткіш бар. Құрылыс саласындағы өсім 13,1 пайызға, көлік және қоймада 7,5 пайызға, саудада 6,2 пайызға, ауыл шаруашылығында 5,2 пайызға, байланыс саласында 4,9 пайызға жеткен.