Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания королін әуежайдан қарсы алды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Айта кетейік, осыған дейін 5-6 қараша күндері Қазақстанға Иордания королі ресми сапармен келетіні хабарланған. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.