Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордания королі мен Тәжікстан президенті келеді
6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қазақстанға Иорданияның королі мен Тәжікстанның президенті келеді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 5-6 қараша күндері Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
Ал 5-7 қараша күндері мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
«Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады. 6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады», – деп жазды Айбек Смадияров.