Әйгілі футболшы Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы карьерасын аяқтады (ВИДЕО)
Ол 234 матчта 146 гол соққан
Әйгілі футболшы Криштиану Роналду 41 жасында Португалия ұлттық құрамасындағы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағаны жөнінде арнайы видео түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ұлттық құрамадағы жолым осымен тәмам. Өмір бойы әлемдегі ең үздік футболшы болуға ұмтылып келдім. Бірақ менің ең басты жеңісім өз елімнің намысын қорғау екенін түсіндім», – деді әйгілі шабуылшы.
Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 23 жылда 234 ойынға қатысып, 146 гол соққан. Португалия құрамасының сапында 2016 жылы Еуропа чемпионы атанса, 2019, 2025 жылдары Ұлттар лигасында жеңіске жеткен. Карьерасында 5 мәрте «Алтын доп» жүлдесін жеңіп, клубтық деңгейде 5 мәрте Чемпиондар лигасының төрінен көрінген.