21 градус жылы: алдағы үш күнде ауа райы жылы болады, тек шығыста қар жауады
Синоптиктердің ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батыс аумағында 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады.
«3 қараша күні шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қар жауады, сондай-ақ көктайғақ болуы да мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі», – делінген хабарламада.
Батыс аймақтарда күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді. Еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.