Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды (ВИДЕО)

Президент Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды (ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді.

«Бұдан бөлек, президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады», – делінген Ақорданың хабарламасында.