Бүгін, 11:43
Жаңалықтар
Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді
Әлемдік рейтинг жарияланды
Фото: Azattyq Rýhy
IQAir рейтингіне сүйенсек, Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді. Қаладағы ауа сапасының индексі 165 пункті құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейтингте Алматыдан жоғары Пәкістанның Лахор қаласы (индексі – 214) мен Үндістанның Дели қаласы (индексі – 178) орналасқан. Ал төртінші орында Үндістанның тағы бір қаласы – Канпур (индексі – 160) тұр.

Айта кетейік, ауа сапасының индексі ластану деңгейін және оның адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалауға арналған бірыңғай сандық көрсеткіш. Бұл ретте IQAir рейтингі бойынша Алматы қаласының индексі «адам денсаулығына зиян» санатқа жатады.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды