Астанада көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат қайтадан рөлге отырған (ВИДЕО)

Сот шешімімен оған 50 АЕК, яғни 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды

Астанада көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат қайтадан рөлге отырған (ВИДЕО)
Фото: Астана қаласы ПД

Астана қаласында патрульдік полиция қызметкерлері сот шешімін елемей, рөлге қайта отырған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәтбаев көшесінде полицейлер Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру барысында 26 жастағы жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған.

Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 50 АЕК, яғни 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.