Бүгін, 18:03
Жаңалықтар
Атырау қаласында қонақүй өртенді (ВИДЕО)
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды
Фото: ТЖМ
Атырау қаласында құтқарушылар бір қабатты қонақүй ғимаратында шыққан өртті жедел ауыздықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға туралы дабыл түскен бойда Смағұлов көшесіне жедел жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндірушілердің жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.
Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды