Жетісуда көшеге қоқыс тастаған 66 жастағы әйел жауапкершілікке тартылды

Құқық бұзушылық бейнебақылау камералары арқылы тіркелген

Жетісуда көшеге қоқыс тастаған 66 жастағы әйел жауапкершілікке тартылды
Фото: © istockphoto.com

Жетісу облысында Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы көшеге қоқыс тастап, қала сәнін бұзған жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысында 66 жастағы әйел қоғамдық орынға тұрмыстық қалдықтарды тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық бейнебақылау камералары арқылы тіркелген.

Бейнежазбада әйелдің қоларбамен келіп, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастап кеткені анық көрінеді. Жедел басқару орталығының қызметкерлері камералар арқылы оның жеке басын анықтады. Қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әйелге айыппұл салынып, өзі тастаған қоқысты қайта жинау міндеттелді.

Полиция өкілдері жас ерекшелігіне қарамастан, әр азамат қала тазалығын сақтауға міндетті екенін еске салды. Сондай-ақ бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтарды тәулік бойы тіркеп отыратынын атап өтті.