2 қараша күні ауа райы қандай болады
Елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін
Қазақстан аумағында 2026 жылдың 2 қарашасында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың солтүстік, шығыс өңірлерінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы -1…-8 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, сондай-ақ Жетісу облысының шығысында болжанады.
Ал Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарының басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.