Астанада халықаралық іс-шараларға байланысты жолдар уақытша жабылады

5-7 қараша аралығында елорданың жекелеген көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша тыйым салынады

Астанада халықаралық іс-шараларға байланысты жолдар уақытша жабылады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана қаласында 2026 жылдың 5-7 қарашасы аралығында халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне орай көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауқымды іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштері жұмылдырылады.

5-7 қараша аралығында елорданың жекелеген көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша тыйым салынады. Сонымен қатар 1 қарашадан бастап Астана әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жүргізіліп жатыр.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.