Қостанай облысында ер адам 5 жасар бүлдіршінді аяусыз ұрып өлтірді

Қайғылы оқиға 26 қазан күні Құсмұрын ауылында болған

Қостанай облысында ер адам 5 жасар бүлдіршінді аяусыз ұрып өлтірді
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қостанай облысының бес жасар бүлдіршін ауыр жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 26 қазан күні Құсмұрын ауылында болған. Бүлдіршін басы мен денесінен алған көптеген жарақаттың салдарынан қайтыс болды.

Әулиекөл аудандық полиция бөлімі жантүршігерлік оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Сол күні күдікті ұсталып, оның ісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша сараланды. Сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шешімін санкциялады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын облыстық прокуратура бақылауға алды. Тергеу мүддесін ескере отырып, өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген облыстық прокуратураның агенттік тілшісіне берген пікірінде.