Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған

Автор: Асыл Арман

Оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №71 мекемеде болған

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында түрмеде жатқан адамға танысы екі телефон мен бірнеше SIM-картаны электр шәйнегінің астыңғы бөлігіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №71 мекемеде болған.

Танысы жіберген сәлемдемені тексеру барысында электр шәйнегінің түбіне жасырған Nokia мен Samsung маркалы екі ұялы телефон, бес SIM-карта және екі USB-кабель табылды.

«Оқиға бойынша бастапқы материалдар жинақталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша материалдарды Талдықорған қаласының әкімшілік сотына жолдау үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», – делінген ҚАЖД хабарламасында.