Президент Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды (ФОТО, ВИДЕО)

Қазақстан Президентін Анкара әуежайында Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған қарсы алып, құрмет қарауылы сап түзеді

Президент Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.



Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.

Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.