Испанияда пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: ҚР СІМ ресми түсініктеме берді

Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты

Испанияда пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: ҚР СІМ ресми түсініктеме берді
Фото: BBC

ҚР Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы пойыз апатында зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. СІМ деректерді тексеруді жалғастыруда», – делінген ведомствоның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, осыған дейін Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапқаны хабарланған.