Бүгін, 15:06
Әлем

Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты

Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін деген қауіп бар

Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты
Фото: Bild

Испанияның Толедо провинциясындағы Лос-Йебенес пен Урда елді мекендері арасында жылдам жүретін екі пойыз соқтығысты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, апаттан қазірдің өзінде қаза тапқандар саны 46 адамға жеткен. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін деген қауіп бар.

ADIF теміржол операторының дерегіне сүйенсек, екі пойыз соқтығысар алдын Андалусияға қарай кетіп бара жатқан болуы мүмкін. Екі пойыз да рельстен шығып, еңіске қарай құлаған.

Пойыздардың бірі мемлекеттік Renfe компаниясына, ал екіншісі Iryo жекеменшік операторына тиесілі. Билік осы оқиғадан соң Мадрид пен Андалусия арасында жылдам жүретін пойыздарды тоқтатты.