Ақтөбеде алаяқтар жиһазға тапсырыс берген тұрғындарды алдап, бірнеше млн теңгесін қағып алды

27 жастағы ер адам 15 адамды алдады деген күдікке ілінді

Ақтөбеде алаяқтар жиһазға тапсырыс берген тұрғындарды алдап, бірнеше млн теңгесін қағып алды
Фото: freepik.com

Ақтөбеде алаяқтар жиһазға тапсырыс берген тұрғындарды алдап, бірнеше млн теңгесін қағып алды. Олар бұл арам пиғылын жүйелі түрде іске асырып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиһазға тапсырыс берген ақтөбеліктер оның сапалы әрі тиісті уақытында дайын болғанын күтеді. Алайда олардың арасында ақшасынан айырылып, жиһазсыз қалғандары да аз емес.

«Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жиһаз жасап беремін деген желеумен тапсырыс берушілердің бірінен 3 миллион теңгеден астам ақша иемденген. Тергеу барысында оның осыған ұқсас тағы 15 дерекке қатысы болуы мүмкін екені анықталды», – делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және ақшасынан айырылған ықтимал азаматтарды анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.