ШҚО-да мас әйел таксиді айдап кетіп, 2,5 млн теңге шығын келтірді (ВИДЕО)

ШҚО ПД оқиғаның қалай болғанын түсіндірді

ШҚО-да мас әйел таксиді айдап кетіп, 2,5 млн теңге шығын келтірді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

ШҚО-да мас әйел такси көлігін айдап кетпек болған. Оның бұл ісі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісіне бірнеше мекенжайға апаруды сұраған. Ал соңғы мекенжайға келгенде әйел адам жүргізушінің көліктен шығып кеткенін байқап, рульге отырып алады.

Осыдан кейін көлікті шыр айналдырып әкетеді. Салдарынан көлік бірнеше рет соғылады. Көлік иесі амалсыздан полицияға жүгінеді.

«Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтап, оны ұстады. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны және көлік жүргізу құқығы жоқ екені белгілі болды. Алдын ала есеп бойынша, материалдық шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады. Автокөлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген ПД хабарламасында.