Республика күніне орай Астананың алты ауданда танымал әншілер концерт қоятын болды

Астана әкімдігі алдын ала хабарландыру жасады

Республика күніне орай Астананың алты ауданда танымал әншілер концерт қоятын болды
Фото: istockphoto.com

Республика күніне орай Астана қаласының әкімдігі 24 қазан күні елорданың барлық алты ауданындағы 12 орында ашық аспан астында концерт ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігін нығайту және елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау», – деп жазады Астана әкімдігі.

Алматы ауданы

Бұл ауданның екі алаңында концерт өтеді деген жоспар бар. Сағат 12:00-де Теміржолшылар тұрғын алабында Лұқпан Жолдасов, Меруерт Бақыт, Ералы Қанжығалы, «Алтын» триосы, «Айша бибі» дуэті және «DiEra» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00-де «Жастар» саябағында Дидар Мансұр, «Айлин» триосы, Медет Шайкелов, «Астана» тобы, Парасат Отан және «Алтын» триосы өнерлерін ортаға салады.

Байқоңыр ауданы

Сағат 12:00-де Өндіріс тұрғын алабында мерекелік концерт өтеді. Көрермендер алдында Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, Мадина Исламова, Әкімхан мен Ақбота, Даниял Ахметов және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.

Ауданның тағы бір жерінде, нақтырақ айтқанда «Ататүрік» саябағында сағат 15:00-де концерт басталады. Онда Мадина Исламова, Аян Жаймағамбетов, «Айша бибі» дуэті, DOS, «Алтын» триосы және Мәди Қадыров өнер көрсетеді.

Есіл ауданы

Бағыстан тұрғын алабында мерекелік іс-шара сағат 15:00-де басталады. Халық Алтыншаш Мұқатаева, Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, «DiEra» триосы, «Белес» дуэті және «Айлин» триосының әндерін тыңдай алады.

Нұра ауданы

Нұра ауданына қарасты Үркер тұрғын алабында түскі сағат 12:00-де бір концерт, сағат 15:00-де Жағалау тұрғын алабында екінші концерт өтеді. Нұра ауданының халқына Тұрар Төлеутай, Айгүл Иманбаева, Дидар Әбдіхалық, «Жарық» дуэті, Аян Жаймағамбетов және «Qazaq Voice» триосы сынды жұлдыздар ән салады. 

Сарайшық ауданы

Бұл ауданда да концерт екі алаңда өтеді деген жоспар бар. Сағат 12:00-де Промышленный тұрғын алабында Медет Салықов пен Клара Төленбаева дуэті, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрбол Балапанов, «DiEra» триосы, Ералы Қанжығалы және «Алтын» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де Отау шағынауданында Даниял Ахметов, Айгүл Иманбаева, Әкімхан мен Ақбота, «Qazaq Voice» триосы, Дидар Әбдіхалық және «Жарық» дуэтінің қатысуымен концерт өтеді.

Сарыарқа ауданы

Мұнда мерекелік концерттер бірнеше алаңда өтеді. Сағат 12:00-де Көктал-1 тұрғын алабындағы «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында концерт басталады. Сахнада Аян Жаймағамбетов, Зарина Омарова, Парасат Отан, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай және «Астана» тобы өнер көрсетеді. Дәл осы уақытта Көктал-2 тұрғын алабындағы «Қорғалжын» гүлзарында да мерекелік іс-шара басталады. Өнер көрсететін әртістер қатарында Мәди Қадыров, Медет Шайкелов, Дидар Мансұр, Бауыржан Исаев, «Айлин» триосы және «Белес» дуэті бар.

Ал сағат 15:00-де Қалалық алаңда DOS, Лұқпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ералы Қанжығалы, «DiEra» триосы және Тұрар Төлеутай көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлайды.