Бүгін, 13:30
Жаңалықтар
Алматыда екі адам 245 млн теңге салық төлемес үшін қулық-сұмдыққа барған
Олардың жалған шот-фактуралар жасаған әшкере болды
Фото: istockphoto.com
Алматыда екі адам 245 млн теңге салық төлемес үшін жалған шот-фактуралар жасап, түрлі қулық-сұмдыққа барған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, бір топ адам тиісті тауарларды жібермей, жалған шот-фактуралар жасау ісімен айналысқан.
«Жалған шот-фактураларды жазып беру ісі Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және оны процестік прокурор сүйемелдеген. Сот екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен айыптау үкімін шығарды», – делінген хабарламада.
Сотталушылардың бірі қылмысты ұйымдастыруда, екіншісі көмектесуде кінәлі деп танылды. Олар сот залында қамауға алынды.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды