Тоқаев Армения үкімет басшысының шақыруымен Ереванға барды

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысады

Тоқаев Армения үкімет басшысының шақыруымен Ереванға барды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысын әуежайдан Армения Республикасы Үкіметінің ресми тұлғалары күтіп алды», - делінген хабарламада.