Шетел азаматы Қытайдан ұшып келе жатқан қазақстандықтың бірнеше мың долларын ұрлап кеткен

Ол Астана тұрғынының бірнеше мың долларын ұрлап кеткен

Шетел азаматы Қытайдан ұшып келе жатқан қазақстандықтың бірнеше мың долларын ұрлап кеткен
Фото: Видеодан скрин

Қытайдан елге оралған Астана тұрғыны ұшақта бірнеше мың долларын ұрлатып алды. Күдікті ретінде шетел азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жағымсыз оқиғаға байланысты Көліктегі Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады

«Астана қаласы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасына 41 жастағы елорда тұрғыны арызданды. Ол «Чунцин – Бейжің – Астана» бағыты бойынша транзиттік рейспен Астанаға ұшып келгеннен кейін 3 600 АҚШ долларының жоғалғанын байқап, оқиғаның мән-жайын анықтауға көмек сұраған», – делінген хабарламада.