15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Солтүстік пен шығыста түнде аяз болса, батыста күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі

15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Фото: istockphoto.com

15 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Көптеген қалада жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жекелеген өңірлерде жел күшейеді. Елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі ауа температурасының айырмашылығы айтарлықтай болады. Кей өңірлерде түнде ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендесе, батыста күндіз +27 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +6...+8 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9, күндіз +16...+18 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11, күндіз +23...+25 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9, күндіз +19...+21 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде +14...+16, күндіз +23...+25 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде +5...+7, күндіз +13...+15 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -1...-3, күндіз +6...+8 градус болады.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3, күндіз +6...+8 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде +6...+8, күндіз +17...+19 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2...+4, күндіз +13...+15 градус.

Қызылордада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде +7...+9, күндіз +23...+25 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -2...-4, күндіз +5...+7 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -2...-4, күндіз +6...+8 градус.

Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3, күндіз +4...+6 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6, күндіз +12...+14 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7, күндіз +18...+20 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні күшейеді. Түнде +8...+10, күндіз +24...+26 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус.

Өскеменде бұлтты болады. Түнде жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде -1...-3, күндіз +4...+6 градус күтіледі.