ШҚО-да өткен құсбегіліктен алғашқы Ашық Азия кубогінің жеңімпаздары марапатталды
Жалпы аталған фестиваль тарихы 2020 жылдан бастау алды
10 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2026» фестивалі аясында құсбегіліктен алғашқы Ашық Азия кубогі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы аталған фестиваль тарихы 2020 жылдан бастау алды. Осы жылдар ішінде ол ұлттық өнерімізді дәріптейтін дәстүрлі шараға айналды.
Қонақтар мен қатысушыларға ұлттық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, этнографиялық бағдарлама және елге танымал әншілер мен өнерпаздардың концерті ұсынылды. Сондай-ақ жамбы ату, теңге ілу, арқан тартыс, таяқ тарту және «Толағай» жарыстары өтті.
Құсбегіліктен Ашық Азия кубогіне 10 елден 176 бүркітші қатысты. Тартысқа толы өткен дүбірлі додада жеңімпаздар тізімі келесідей болды:
Бүркіт құсын салудан:
1 орын - Серікболсын Жалғасұлы (Жамбыл облысы)
2 орын - Ерасыл Серікбекұлы (Астана қаласы)
3 орын - Бергенбай Тастанбек (Ақмола облысы)
3 орын - Аяжан Даниярқызы (Алматы қаласы)
Қаршыға құсын салудан:
1 орын - Заки Махмудхан (Түркістан облысы)
2 орын - Берікболсын Бабажан (Жамбыл облысы)
3 орын - Халифа Алтай Мубарак (ШҚО)
3 орын - Ерасыл Серікбекұлы (Астана)
Ителгі құсын салудан:
1 орын - Темірәлі Төлегенұлы (Қарағанды облысы)
2 орын - Бақдәулет Бабажан (Жамбыл облысы)
3 орын - Ануар Кеңес (Ақмола облысы)
3 орын - Ералы Тастанбек (Ақмола облысы)
Ал тазы жарысында үздік деп танылғандар:
1 орын - Ержан Жайық. Иттің аты Қарауыз (Өскемен қаласы)
2 орын - Саят Калакаев. Иттің аты Ақбақай (Семей қаласы)
3 орын - Мейір Жетпісов. Иттің аты Лашын (Тарбағатай ауданы).
Айта кетейік, «Шығыс Салбурыны – 2026» фестиваліне 15 мыңға жуық адам қатысты. Бұл - ұлттық спорт пен дәстүрлі өнерге деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.