Тұман, екпінді жел, жаңбыр мен қар: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
9 қазанда бірнеше өңірде қатты жел, тұман, жаңбыр мен қар күтіледі. Кей жерлерде өрт қаупі де жоғары
Елдің 14 облысында 9 қазанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысында жел оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, ал батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде болады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысында батыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Павлодарда күндіз батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді. Петропавлда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, оңтүстігінде өрт қаупі төтенше деңгейде болады. Атырауда өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Семейде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады. Қызылордада өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.