«Құшақтадым»: Роналду ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтаған Мессиге жылы лебізін білдірді
Лионель Месси 6 қазан күні Аргентина құрамасы сапындағы соңғы ойынын өткізді
Әйгілі футболшы, 8 алтын доп иегері Лионель Месси жуырда Аргентина ұлттық құрамасы сапындағы карьерасын аяқтады. Оның күні бүгінге дейін қарсыласы болып келген португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду желідегі жазбасына қолдау білдіріп, жылы лебізін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лионель Месси 6 қазан күні Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізіп, ресми түрде карьерасын аяқтады.
«Лео, сен осыншама жыл еліңнің намысын қорғап, өшпес тарихын жаздың. Аргентина құрамасы сапындағы жетістіктеріңе құрметім шексіз. Құшақтадым», – деп жазды Криштиану Роналду.
Португалиялық ойыншының бұл пікір жанкүйер тарапынан кең қолдау тауып, 4 млн 300 мыңнан аса адам лайк қойды.
Айта кетейік, Месси Аргентина құрамасы сапындағы соңғы ойынын Бенин еліне қарсы өткізді.