Алматыда байлаулы итін қорлаған әйел психоневрологиялық есепте тұрған – полиция
Полиция заңға сәйкес тиісті құқықтық баға берілетінін айтты
Алматыда байлаулы итін жанжал кезінде ер адамдарға лақтырған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері дереу тексеру жүргізді. Тексеру барысында әйелдің жеке басы анықталды. Сондай-ақ оның психоневрологиялық есепте тұрғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта әйел қажетті медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді Алматы қаласының Полиция департаменті.
Ведомтсво тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде жануарға қорлық көрсеткен әйелдің бейнежазбасы тарап, резонанс болған еді. Куәгерлер тіпті оның жануарды теуіп, қылқындырғанын да жазды. Қазіргі уақытта желі қолданушыларының бірі итті асырап алған.