Бавария Премьер-министрі Тоқаевқа «Бавария» клубының қолтаңбасы қойылған жейдесін сыйлады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жұмыс сапары аясында Мюнхенде Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Маркус Зёдер Қасым-Жомарт Тоқаевқа мюнхендік «Бавария» футбол клубы ойыншыларының қолтаңбалары қойылған, Президенттің есімі жазылған жейдені сыйға тартты.
Кездесуде Мемлекет басшысы Баварияның экономикалық әлеуеті мен инновациялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Германия басшылығымен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда өңірді Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.
Өз кезегінде Маркус Зёдер Баварияның Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Германияға сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев неміс бизнес өкілдерімен де кездесіп, Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуына қатысады.