Қазақстанда қыркүйек айының соңғы күндері үсік болады
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде 29-30 қыркүйек күндері жоғары атмосфералық қысым сақталады. Соның әсерінен жауын-шашын болмай, ауа райы негізінен ашық болады. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады. Елдің солтүстік жартысында 1-3°C үсік сақталады. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында +15…+23°C болады.
«Оңтүстік жартысында ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.