Қазақстанда жыл соңына дейін 2 мың шақырымнан астам жол қолданысқа беріледі

Үкіметте жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып жатыр

Қазақстанда жыл соңына дейін 2 мың шақырымнан астам жол қолданысқа беріледі
Фото: Үкімет

Қазақстанда жыл соңына дейін республикалық маңызы бар 2 мың шақырымнан астам автомобиль жолын жөндеп, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар 70 жобаны қамтиды. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір жалпы ұзындығы 4 242 шақырым болатын 141 жол жөнделіп жатыр. Соның жартысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

«Орташа жөндеу жұмыстарының сапасы үшін мердігерлердің жауапкершілігі күшейеді. Кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін ұзарды», – деді Дархан Иманашев.

Компания басшысы соңғы үш жылда жол жөндеу технологиясына да өзгеріс енгенін айтты.

«Бұрын жолдың тозған үстіңгі қабаты ғана жаңартылса, қазір жол негізінің үстіңгі қабаты нығайтылып, оның үстіне екі қабат асфальтбетон төселеді», – деді ол.

Сонымен қатар елдегі I техникалық санаттағы автомобиль жолдарының ұзындығы 4 388 шақырымға, II санаттағы жолдардың ұзындығы 7 017 шақырымға жеткен.

Бұл жолдарда қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлуге мүмкіндік беріп, бетпе-бет соқтығысу қаупін азайтуға бағытталған.