«Потенциал Ойл» компаниясы қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзған
Атырау облысының Экология департаменті «Потенциал Ойл» компаниясына қатысты тексеру жүргізіп, компанияға 1,4 млрд теңге айыппұл салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экология министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Олардың тексеруі бір емес, бірнеше заң бұзу фактілерін анықтаған көрінеді.
Атап айтқанда, өндіріс қоршаған ортаға зиянын тигізген, ағынды судың талабын бұзған, міндетті экологиялық есепті тапсырмаған, немесе кешіктіріп, болмаса, дұрыс тапсырмаған.
«Осының салдарынан қоршаған ортаға тарайтын қауіпті заттардың лимиті асып кеткен. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлайды экология министрлігі.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология министріне үш қалада қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салуды тапсырған болатын.