Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды
Жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 мм-ге аз жауған
Қазақстан тарихында биыл бұрын-соңды болмаған ыстық жаз орнаған. Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылдың жазында ауаның маусымдық орташа температурасы климаттық нормадан 2,15°C-қа жоғары болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 мм-ге төмен болды.
«2026 жылдың жазында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының оң аномалиялары байқалды. Жазғы маусымдағы ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 2,15°C-қа жоғары болып, 2026 жылдың жазы бақылау кезеңіндегі ең ыстық жаз болды. Ауа температурасының климаттық нормадан ең жоғары оң ауытқулары Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысында, Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Абай облысында байқалды. Климаттық нормадан ең жоғары оң ауытқу +4,0 °C болды және Қарағанды облысындағы Бес-Оба метеостанциясында тіркелді», – делінген синоптиктердің болжамында.
Белгілі болғандай, биыл жазда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 мм-ге аз жауды.