Тоқаев экология министріне үш қалада қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салуды тапсырды

Сол сияқты орман қорын қалпына келтіру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Тоқаев экология министріне үш қалада қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салуды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмысын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

«Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен «Таза Қазақстан» бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді», – делінген Ақорданың хабарламасында.