13.09.2026, 13:42
Жаңалықтар
Ақмола облысында құтқарушылар 148 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртін сөндірді
Дала өрттері Бурабай, Ерейментау, Целиноград және Бұланды аудандарында болды
Фото: ТЖМ
Өткен тәулікте Ақмола облысының бірнеше ауданында құрғақ шөптің өртенуі тіркелді. Дала өрттері Бурабай, Ерейментау, Целиноград және Бұланды аудандарында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өрт салдарынан жақын маңдағы елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ.
Қызыл жалын шарпыған 148 гектар жердегі барлық өрт ошағы толығымен жойылды. Тілсіз жаумен күресуге Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, «Бурабай» МҰТП, «Ерейментау», «Бөрлі» КММ қызметкерлері және Никольск, Өлеңті ауылдарының «Ауыл құтқарушылары» күштері жұмылдырылды. Қазіргі таңда тілсіз жау ауыздықталып, өрттің шығу себептері сарапталуда әрі анықталу үстінде.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды