Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Президент бұл жеңістің ел теннис тарихындағы айтулы оқиға екенін атап өтіп, спортшының кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен арнайы құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент бұл жеңістің ел теннис тарихындағы айтулы оқиға екенін атап өтіп, спортшының кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
«Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», — делінген құттықтауда.