ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстандықтар Тайланд пен Грузияға 10 тамыздан бастап ұша алады

Тайланд пен Грузия – қазақстандық туристер көп баратын елдер

Фото: ашық дереккөзден

10 тамыздан бастап Қазақстаннан Тайланд пен Грузияға қатынайтын әуе рейстері қайта қатынайды. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов мәлімдеді.

«Ведомствоаралық комиссияның 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Түркиямен (20 маусымда) және Оңтүстік Кореямен (22 маусымда) халықаралық әуе рейстерін қайта жаңарту мәселесін пысықтады. Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап Тайланд пен Грузияға әуе рейстерін қайта қосу жоспарланған»,- деді ол бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, рейстер Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындалады.

Еске салайық, «Kazakh Tourism» төрағасы Ержан Мәлікұлы тамыз айында қазақстандық туристер көп баратын Тайланд пен Грузияға рейстер ашылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан