05.08.2020, 16:17
Жаңалықтар
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті
Бұл туралы облыс әкімігінің ресми сайтында хабарланды
Фото: zhambyl.gov.kz
Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен, Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
«Басқарма басшысының міндетін атқару Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді», - делінген хабарламада.
Марат Жұманқұлов облыста басқарма басшысы болып 3 жыл қызмет атқарды, ол аталған лауазымға 2017 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған болатын.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)