Қазақстандық жеті ғалымға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Вакцина салынған қызметкерлер қазір клиникалық бақылауда
Қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
«Вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. 26 шілдеде Бас директор Күнсұлу Закарья бастаған бес ғалымға COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды. Егілген қызметкерлерді бақылап, вакцинаның қауіпсіз екені туралы ақпарат алынғаннан кейін келесі күні тағы екі қызметкерге екпе егілген», - деп жазылған телеарна сайтында.
Бұл жоспарланған клиникалық зерттеулердің бірінші, екінші кезеңдерін толығымен іске асыруға мүмкіндік берді. Вакцина жасалған қызметкерлердің дені сау. Олар қазір клиникалық бақылауда.